Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша түзетулерді қарау барысында депутаттар Қылмыстық кодексті «Неке қиюға мәжбүрлеу» деген жаңа 125-1 баппен толықтыруды ұсынды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Енді мәжбүрлі неке үшін айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу және екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. Егер бұл әрекет кәмелетке толмаған адамға жасалса, адамдар тобының күш қолдануы немесе қызметтік бабын асыра пайдаланумен байланысты болса, онда бас бостандығынан айыру мерзімі үш жылдан жеті жылға дейін ұзарады. Ал ауыр зардаптар орын алса, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.
Сонымен қатар Үкіметтің ұсынысы бойынша адамды ұрлаған тұлға оны өз еркімен босатса да, оның әрекетінде басқа қылмыс құрамы болмаса да, қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары