Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБелгілі әнші Шахизада Байпатшанова тұрмысқа шығуға ұсыныс түскенін мәлім етті. Әнші бейтаныс жігіттің хатын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осыдан екі жыл бұрын әнші тұрмысқа шыққанын сүйіншілеген болатын. Алайда ол жалған болып шықты.
Қайырлы кеш, жақсыларым! Осындай ұсыныс түсіп жатыр. Күйеуге шыққым келмеді. Не істесем екен деп ойланып отырмын, – деп жазды әнші.
Бейтаныс жігіт әншіге хат биылдан қалмай үйленгісі келетінін айтқан.
Кеш жарық, Шахи! Болжаушылар келесі жылы үйленуге болмайтынын айтты. Мен саған тез арада Жаңа жылға дейін үйленгім келеді. Оның үстіне біз жас емеспіз. Сол үшін ашық сөйлесейік, маған ұнайсың, – деп жазды ғашық жігіт.
Айта кетейік, бұған дейін әнші өзінен 18 жас кіші жас әнші Ерболат Ержанбаевты күйеуім деп таныстырып, арты дауға ұласқан еді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары