15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыБүгін Астанада бокстан Әлем кубогы басталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жарыстың алғашқы күнінде шаршы алаңға әйелдер құрамасының көшбасшысы Назым Қызайбай шықты.
Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақта Канада өкілі Приянка Диллонмен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Осылайша Назым ширек финалда бақ сынайды.
Айта кетейік, Астанадағы Әлем кубогында 31 мемлекеттен келген 300 боксшы бақ сынайды. Бұл қатысушылар саны бойынша өзіндік рекорд саналады. Себебі Бразилиядағы турнирге 19, Польшадағы бәсекеге 24 елден боксшылар қатысқан болатын. Сондай-ақ 8 мемлекет Әлем кубогына алғаш рет қатысып жатыр.
Елімізде өтетін турнирге АҚШ, Австралия, Англия, Канада, Колумбия, Қытайлық Тайпей, Болгария, Италия, Франция, Германия, Өзбекстан және тағы да басқа мемлекеттерден үздік былғары қолғап шеберлері келді. Олардың қатарында әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.
Әлем кубогының үшінші кезеңі 7 шілдеге дейін жалғасады.
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады