23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, әлемдік жарыстан жүлдемен оралғанына қуанышты екенін жеткізді. Бұл туралы ол Olympic.kz сайтына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Біздің жеңісіміздің артында бүкіл халықтың, мемлекеттің сенімі мен қолдауы тұрғаны анық.
Париж Олимпиадасында әлемнің ең мықты спортшыларымен күш сынасып, еліміздің намысын абыроймен қорғау үшін бар күшімізді салдық.
Әнұранымызды ойнатпасам да, еліміздің көк байрағын көкке көтеріп, қола медальға қол жеткізгеніме қуаныштымын.
Алда өтетін әлемдік жарыстарда да жақсы өнер көрсету үшін бар күшімізді саламыз. Елім, жерім дейтін патриот азаматтарымыз, чемпиондарымыз көп болсын! - деді Назым.
Еске сала кетейік, Назым Қызайбай әйелдер боксынан 50 келі салмақта Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік