10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстанада NU Қамқоршылық кеңесінің шешімімен Nazarbayev University-дің президенті қызметіне Ұлыбританияның азаматы А.Вакар тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
А.Вакар Брэдфорд университетінде (Ұлыбритания) PhD докторы дәрежесін алған. Доктор Вакар өзінің мансап жолында Йорк университеті мен Лондон университеттік колледжі (Ұлыбритания) профессоры қызметінен Мидлсекс университетінің (Ұлыбритания) проректорына дейін көтерілген.
2001-2004 жылдары доктор Вакар Ұлыбритания Премьер-Министрі канцеляриясы Ғылым департаментін басқарды. Ал 2017 жылдан бастап Абу-Даби университетінің ректоры болған. Ол басшылық еткен жылдары Абу-Даби университеті Times Higher Education беделді рейтингіндегі үздік университеттер арасында 250-300 диапазонына дейін көтерілді.
Сонымен қатар ол беделді ғылыми басылымдарда жарияланған 90-нан астам ғылыми жұмыстың авторы.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді