12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАстанадағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқушылар арасында киберқорлау (секстинг) оқиғасы анықталды. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 2 күн бұрын анықталған. Нәтижесінде оқушы оқудан, мектеп қызметкері жұмыстан шығарылған.
Мектепте осы жағдайдың қайталану қаупін жою мақсатында барлық сынып оқушыларымен әңгімелесу, анонимді сауалнама, кибер және қорлаудың басқа түрлері бойынша қосымша кураторлық сағаттар және мектептің психологиялық қызметінің жұмысын қайта қарау жүргізіледі, - делінген ақпаратта.
Сонымен қатар оқу орны мектептегі әрбір оқушының әл-ауқатының маңыздылығын түсініп, осы бағытта жұмыс жасалып жатқанын және ата-аналардан да балаларының психоэмоционалдық жағдайын бақылауды сұрайтынын хабарлаған.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер