Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыМәжіліс депутаты Ермұрат Бапи халықтың несиесін жабу үшін алдымен банк ұстап отырған олихгархтардың сауықтыру деп бюджеттен алған қаржысын қайтару керек деп айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аш адамға ақыл қонбайды. Халықтың қарызынан іздеу мәселесінен екі нәрсені қозғағым келеді. Прокуратура – ескі Қазақстанның халық алдында қарызын неге іздемейсіздер? Сауықтыру мақсатында банкілерге берілген триллиондарды қайтаруды неге талап етпейсіздер? Халықтың қарызын емес, бірнеше банкті біріктіріп, қыруар сауықтыру қаржысын бір банкке жинап алып кеткен Назарбаев олихгархтарының ақшасын неге іздемейсіздер, - деді Ермұрат Бапи.
Оның айтуынша, егер триллиондар қайтарылатын болса, халықтың кредитін 10 есе қайтарып тастауға болады.
Енді осы жерден сұрақ туындайды. Активтерді қайтарамыз деп заң қабылдадық қой. Сол заңның орындалып жатқаны қайда? Өкілетті орган құру жөнінде хабар тарады. Бірақ ол хабар мардымсыз. Активтерді қайтару комитетіне 130 адам мүше болады деген. Алайда қазір тізімге қарасақ, 30-40 адамнан аспайды, - дейді депутат.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар