7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?«Қоғамдық бақылау туралы» Заң жобасында Назарбаев зияткерлік мектептері мен Назарбаев университетінің жұмысына қоғамдық бақылау орнату туралы нормалар енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мұндай түзетуді заң жобасына депутаттар енгізіп жатыр. Бізде автономдық білім беру ұйымдары бар. Соның ішінде Назарбаев зияткерлік мектептері мен Назарбаев университеті осы мәселелерде заңмен қамтылуы керек деген түзету енгізіліп отыр. Оны жұмыс тобы қарайды. Мысалы, «Самұрық-Қазынаның» да әлеуметтік мәселелерге қатысты сұрақтары қоғамдық бақылауға алынуы керек деген түзету ұсынылып отыр, — деді депутат.
Айтуынша, депутаттар бұл түзетуді қоғамның сұранысы бойынша ұсынып отыр.
Автономды білім беру ұйымдарының ашықтығы бойынша, жалпы қоғамдық бақылау мәселесі маңызды болғанын білесіздер. Қоғамда көп сұрақтар көтерілді. Депутаттар соның негізінде ұсыныс енгізіп отыр. Қажет болса, қоғамдық бақылау орнатылады. Өйткені, автономды білім орындары дегенімізбен, олар да бюджеттен қаржыландырылады ғой. Депутаттар бюджеттен кетіп жатқан қаражаттың тиімділігі бойынша, басқа да қоғамдық бақылауды жүргізуге мүмкіндік болу керек деп отыр. Біздің жұмыс тобы осының бәрін қарап, жақында нүктесін қойып, екінші оқылымға әзірлейді, — деді Асхат Аймағамбетов.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?