6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстана әуежайында ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары жоспарлануда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жөндеу жұмыстары 15 шілдеден 8 тамызға дейін жүргізіледі Астана халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағына жыл сайынғы ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Жұмыстар 15 шілдеден 8 тамызға дейін (11:00-ден 18:00-ге дейін) өтеді. 15 шілдеден 8 тамыз аралығында жол жүруді жоспарласаңыз әуежайға ерте келіп тіркеуден алдын ала өтуіңіз сұралады, себебі ұшулардың жиілігіне байланысты кептеліс болуы ықтимал.
Әуежайдың баспасөз қызметі жолаушылардан ҰҚЖ жөндеуге түсіністікпен қарауды және билетті сатып алу кезінде жұмыстарды жүргізу мерзімін ескеруді сұрайды. Жөндеу жүргізу мерзімдері отандық авиакомпаниялармен келісілгенін және ұшуды қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибесімен шартталғанын атап өту қажет. Айта кетейік, өткен жылдарды талдау бойынша дәл осы кезеңде жауын-шашынның ең аз мөлшері түседі, сондай-ақ асфальтбетон зауыттары үздіксіз жұмыс істейді. Сондықтан бұл жөндеу үшін ең қолайлы кезең. Сонымен, жөндеу жоспары бойынша ҰҚЖ-ның жекелеген учаскелерінде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабаты ауыстырылады. Ұшуды қамтамасыз ету бойынша жарық сигнал беру жабдығы да жөнделеді, - делінген әуежай таратқан хабарламада.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі