Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҚазгидромет ел аумағында 4 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтілуде. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста шаңды дауылмен, күндіз солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта - бұршақ, түнде және таңертең солтүстікте тұман болады деп күтілуде.
«Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.
Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Алматы, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстік-батысында, Атырау облысының батысында, Павлодар облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы, Солтүстік Қазақстан, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады», - деп жазды синоптиктер.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова