29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстан бойынша 4-6 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазгидромет мәліметінше, солтүстікте, шығыста, орталықта жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының көтерілуі күтіледі.
Республика аумағының басым бөлігінде әлі де антициклон ықпалында болғандықтан, елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, сондай-ақ күндіз ауа температурасының біртіндеп 15-20 градус жылуға дейін көтерілуі болжанады.
Еліміздің қалған аумағында фронтальді бөлімдердің әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Түнде еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында жауын-шашын (қарға ауысатын жаңбыр) күтіледі, 6 сәуірде елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі.
Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болуы мүмкін.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек