18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Қостанай облысында Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаптың басшысы – ҰҚК Төрағасы
Е.Сағымбаевтың шешімімен «Найза-Антитеррор-2025» республикалық жедел-тактикалық терроризмге қарсы оқу-жаттығуының қорытынды кезеңі өткізілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оған Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, ішкі істер, қорғаныс, төтенше жағдайлар, мәдениет және ақпарат, көлік министрліктері және жергілікті атқарушы органдар қатысты. Мүдделі мемлекеттік органдардың террористік сипаттағы «гибридті» қауіптерге ден қоюға жауынгерлік әзірлік деңгейі мен үйлесімділігін тексеру жүзеге асырылды.
Жауынгерлікке барынша жақын жағдайларда диверсиялық-террористік актілердің алдын алу, сондай-ақ олардың салдарын барынша азайту және жою бойынша тренингтер өткізілді.
Кибершабуылдарға ден қою, шартты террористерді іздеу және анықтау, броньды техникасы бар арнайы мақсаттағы күштердің орнын ауыстыру, кепілге алынғандарды босату және жарылғыш құрылғыларды залалсыздандыру жөніндегі операцияларды жүргізу бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау тетіктері пысықталды.
Сонымен қатар шақырылған журналистер үшін терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерін ақпараттық кеңістікте жариялау бойынша семинар-тренинг өткізілді. Оқу-жаттығулардың қорытындылары бойынша барлық мақсаттарға қол жеткізілді, қойылған міндеттер орындалды. Еліміздің аумағындағы террористік қауіптерге қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру бойынша қосымша шешімдер әзірленді.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр