23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күніне арналған «Ежелгі мерекенің мәңгілік құндылықтары» атты кітап көрмесі ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, көрмеде Шығыс елдеріндегі Наурыз мерекесі, тарих және мәдени дәстүрлер туралы жарияланымдар ұсынылды.
Биыл Наурыз мейрамы елімізде жаңа бағытта атап өтіліп жатыр. Мерекелік іс-шаралар Көрісу күнімен басталды, оған біздің кітапхана қызметкерлері белсенді қатысты.15 наурызда көрме ашылды. Наурызнаманың онкүндігінде кітапханада тақырыптық іс-шаралар өткізіледі, – деді Ұлттық академиялық кітапхананың ақпараттық мәдени бағдарламалар қызметінің жетекшісі Күләш Оразова.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме келушілер үшін күн сайын сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін ашық және наурыз айының соңына дейін жалғасады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік