Бүгiн, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында Шаңырақ күніне орай "Ұлыстың ұлы күні - әз Наурыз" мерекелік концерті өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оған дәстүрлі музыка жанрының орындаушысы Эльза Карабалина, сонымен қатар, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының студенттері мен магистранттары қатысты. Көрермендер үшін авторлық және халық әндері шырқалып, ал ұйымдастырушылар қонақтарға Наурыз мейрамының шығу тарихы туралы айтты.
Әсіресе, ұлттық салт-дәстүрлерге ерекше назар аударылды. Іс-шараның ашылуы дәстүрлі "Шашумен" ұласып, музыкалық кешке қатысушылар "16 қыз" әнінің сүйемелдеуімен "Тұсаукесер" рәсімін өткізді.
17 наурыз күні Қазақстанда Наурыз мерекесінің төртінші күні атап өтілді. Ол отбасылық құндылықтарға арналды.
Бүгiн, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Бүгiн, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік