Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекНаурыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші аптасында 21 мыңға жуық талапкер сынақ тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпаратынша, олардың 57%-ы шекті баллдан өтті, ал орташа көрсеткіш – 53 балл болды. Ең жоғары нәтиже – 135 балды Абай облысының бір түлегі жинады.
Тестілеуге қатысқандардың 62,8%-ы қазақ тілінде, 37%-ы орыс тілінде, ал 52 адам ағылшын тілінде тапсырды. Ең көп таңдалған пән комбинациясы – «Математика-Физика» (18,4%), одан кейін «Шығармашылық емтихан» (16,1%) және «Биология-Химия» (12%). Ал ең аз сұранысқа ие болған комбинация – «Химия-Физика», оны небәрі 35 адам таңдаған, — делінген хабарламада.
ҰБТ кезінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 69 талапкерге арнайы жағдай жасалды. Сонымен қатар тестілеу нәтижелері 22 талапкер үшін жойылды. Оның ішінде 10 адам тыйым салынған заттарды – смартфондар мен шпаргалкаларды алып кіруге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды, ал 12 талапкер аудиторияда тәртіп бұзғаны үшін шығарылды. ҰБТ-ны басқа адам тапсыруға тырысқан фактілер тіркелген жоқ.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?