23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіМәжіліс депутаты, ЖСДП фракциясының мүшесі Наурыз Сайлаубай Қапшағайдағы № 6 жағажайда жұмыс істейтін кәсіпкерлермен кездесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Басқосуда жағалау аумағын абаттандыру, инфрақұрылымды жаңғырту және бизнестің мүддесін қорғау мәселелері талқыланды. Кездесуге Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, «Жасыл қала» мекемесінің өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.
Наурыз Сайлаубай Қапшағай су қоймасының туристік әлеуетін бизнес өкілдерімен бірлесіп дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Біз жағалау аймағының дамуы кәсіпкерлердің құқықтарын шектеу есебінен емес, олармен әріптестік арқылы жүзеге асуы үшін күш саламыз. Туризмді дамытуға өз күшін де, қаражатын да жұмсап жүрген азаматтардың мүдделері қорғалуға тиіс, – деді депутат.
Кездесуге бастамашы болған кәсіпкердің бірі Камбар Байкенов туризм саласының басқарылуы тиісті құрылымда болуы керектігін айтты.
Туризм – бұл өз стратегиясы мен тәсілдерін қажет ететін бөлек бағыт. Бұл мәселені тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы емес, туризм бөлімі қадағалауы керек. Сонда ғана жағалау аймағын жүйелі түрде дамытып, туристерді тарта аламыз, – деді ол.
Басқосуда кәсіпкерлер инженерлік коммуникациялардың жоқтығы, кешенді абаттандырудың қажеттілігі мен әкімшілік шектеулер сияқты бірқатар мәселеге назар аударды. Қала әкімдігі мен тиісті мекемелер өкілдері бұл мәселелерді бірлесе шешуге дайын екендерін жеткізді.
Кездесу қортындысы бойынша осы маусымның соңына дейін № 6 жағажайды дамыту жоспарын дайындау туралы шешім қабылданды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады