Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыНаурыз мейрамы аясында бес құрлықта танымал қазақ күйлері күмбірледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Күйші Құрманғазы, Дайрабай Ерназарұлы және Түркеш Қалқаұлының композицияларын 26 елдің радио тыңдаушылары тыңдамақ.
Тізімде Түркия, Иран, Болгария, Испания, Литва, Латвия, Венгрия, Хорватия, Польша, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Бразилия, АҚШ, Қытай, Үндістан, Индонезия, Оңтүстік Корея, Малайзия, Тайланд, Марокко, Эфиопия және Оңтүстік Африка радиостанциялары бар.
Шетелдік радиостанцияларда қазақ күйлерін ротациялау ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және ҚР Сыртқы істер министрлігімен ұйымдастырылды.
Шетелдік радиостанцияларда ротациялау үшін Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің орындауындағы «Көңілашар», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Адай», «Серпер», «Дайрабайдың күйі» композициялары жіберілді.
Шығыстан батысқа дейінгі түрлі елдерде белгілі қазақ күйлерін ротациялау – Қазақстанның бай мәдени мұрасын жаһанға насихаттау үшін жасалған шағын болса да, маңызды қадам және радио тыңдаушыларды домбыра үнімен таныстыратын бірегей мүмкіндік, – деп атап өтті Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.
Сондай-ақ, ведомство басшысы радиостанциялардың қазақ шығармаларына деген қызығушылығы осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажеттігін айғақтайтынын атап өтті. Бұл үрдіс жыл сайын қайталанатын дәстүрге айналып, ал шетелдік радиостанциялар қоры басқа да қазақтың музыкалық шығармаларымен толығады деп жоспарлануда.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары