23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстанның Таиландтағы Елшілігінің бастамасымен Бангкок қаласындағы БҰҰ Азия және Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (АТМЭӘК) штаб-пәтерінде Наурыз мерекесіне орай іс-шара өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Үндістан, Иран, Қазақстан мен Өзбекстан елшіліктері бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға БҰҰ АТМЭӘК Хатшылығының басқа да халықаралық ұйымдардың қызметкерлері және АТМЭӘК-қа мүше елдердің өкілдері қатысты.
БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және АТМЭӘК Атқарушы хатшысы Армида Салсиа Алисджабана мерекелік іс-шараға қатысып, Наурыз халықаралық күнін мерекелеудің мәдени әртүрлілікті сақтау мен бүкіл әлем халықтары арасындағы өзара түсіністікті нығайту үшін маңыздылығын атап өтті.
Іс-шараның мәдени бағдарламасы аясында өнерпаздар ұжымдары көрермендер назарына Үндістан, Қазақстан мен Өзбекстан халықтарының фольклорлық және заманауи билерін ұсынды. Мереке қонақтарына Наурыз мекересіне орай әзірленетін ұлттық тағамдар ұсынылды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік