30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақ радиосының тікелей толқынында 20 наурыз күні 10 сағат бойы 8 елдің қатысуымен «Наурыз-2023» халықаралық радиокөпірі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Радиокөпірге Иранның «Pars Today» ақпарат агенттігінің қазақ тілді радиосы, Түркияның «Turkish Radio and Television Corporation» ұйымы, Әзербайжанның «Azərbaycan Radiosu», Моңғолиядағы «Қазақ» радиосының өкілдері, Қырғыз республикасының Қырғыз радиосы және Өзбекстанның «Узбекистан 24» телерадио арнасы мен Башқұртстанның «Юлдаш» және Татарстанның «Болгар» радиоарналары қатысады деп жоспарланған.
Бұл жайында «Қазақ радиолары» ЖШС Бас редакторы – «Қазақ радиосының» директоры Дулат Абибуллаев мәлімдеді.
Айта кету керек, Қазақ радиосы Наурыз мейрамы қарсаңында мұндай радиокөпірді екінші рет ұйымдастырып отыр. Биылға халықаралық жобаға аталған 8 елден бөлек, түрлі мемлекеттерде тұрып жатқан қандастарымыз да қатысады. Шараның мақсаты – бауырлас елдердің, оның ішінде радиоарна өкілдерін тікелей толқында біріктіріп, Наурыз мейрамын атап өту.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды