11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекТүркістан қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жергілікті дәрігердің айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға келтірген шағымы қаралды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сот материалына сүйенсек, қалалық орталық аурухананың кардиохирургы "асқынған миокард инфаркті" диагнозы қойылған науқастың жүрегіне шұғыл түрде ота жасау үшін көлік тізгіндеп ауруханаға бара жатқан. Жолда оны полицейлер көліктің алдыңғы терезелерінде перде орнатылғаны үшін тоқтатып, хаттама толтырған. Осы сәтте дәрігер шұғыл отаға асығып бара жатқанын білген тәртіп сақшылары оны қызметтік автокөлікпен сүйемелдеп алып жүруді ұсынған.
Медицина маманы бірден келісіп, рөлге отырған. Алайда оның көлігі Майкотов көшесінде автокөлікті белгіленген жылдамдықты асырып басқарғаны бойынша автоматты режимде жұмыс істейтін камераға түсіп, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама шығарылған.
Сот шағымданушы мен полиция қызметкерлерінің түсініктемелерін, дәрігердің ота жасағандығы бойынша құжаттарды қарап, құқық бұзушының әрекетіне тиісті баға берді. Яғни, кардиохирург тарапынан белгіленген жылдамдықты асырып көлік құралын басқару әрекеті өзге адамның өмiрiне, денсаулығына, тiкелей қатер төндiретiн қауiптi жою үшiн аса қажеттiлiк жағдайында орын алған деп қаулы шығарды. Нәтижесінде полицияның айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың күші жойып, іс тоқтатылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Дәрігер көлігіне перде ілгені үшін салынған айыппұлды ерікті түрде төлеген.
11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес