Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыNational Geographic журналы әлемнің әр түкпірінен түсірілген жабайы табиғаттың ең үздік фотосуреттерін қамтыған жыл сайынғы дәстүрлі топтамасын ұсынды. Біз сол іріктеуден ерекше әсер қалдырған 11 кадрды таңдадық, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл фотосуреттердің әрқайсысы табиғаттың ғажайып сұлулығын ғана емес, оның қаншалықты нәзік әрі осал екенін де айқын көрсетеді. Ал мұның бәрі жойылу қаупі алдында тұрған дүниені қорғауға үндейді.
Бұл фотолар жеке-жеке алғанда табиғаттың сұлулығы мен нәзіктігі жайлы сыр шертеді. Бірақ түптеп келгенде жоғалудың аз-ақ алдында тұрған құндылықтарды сақтап қалуға шақыратын ортақ дауысты сезінесіз. Бұл – айналамыздағы әлемнің поэзиясы, – National Geographic журналының бас редакторы Натан Ламп.
Бразилиядағы Рио-Досе ұлттық паркінде фотограф Фернандо Фасиоле ягуарлардың бірін кадрға түсірген. National Geographic дерегіне сүйенсек, бұл аумақта бүгінде онға да жетпейтін ягуар қалған.
Ал Брайан Скэрри АҚШ-тың Мэн штаты жағалауында ұзындығы үш метрге жуық ақ акуланы суретке түсірді. Бұл өңірде акулалар санының артуы 1972 жылы қабылданған Теңіз сүтқоректілерін қорғау туралы заңнан кейін итбалықтар популяциясының көбеюімен тікелей байланысты.
Карин Айгнер Калифорния штатының Дэвис қаласында гүл ішінде тынығып отырған араны байқап, ерекше сәтті дәл уақытында түсіріп үлгерген.
Маркус Вестберг Оңтүстік Судандағы алты миллион антилопаның көшу процесін фотоға түсірді. African Parks пен Джуба университетінің зерттеуіне сәйкес, бұл – әлемдегі ең ірі құрлықтық көші-қон құбылысы.
Фотосуретші Стивен Уилкс Ботсванадағы суат маңындағы тіршілікті бейнелейтін әсерлі көркем туынды жасады. Ол үшін 18-36 сағат аралығында түсірілген жүздеген кадрды бір композицияға біріктірген.
Оның Day to Night («Таңнан түнге дейін») техникасымен жасалған тағы бір жұмысы Канададағы Маласпина бұғазында жиналған теңіз арыстандарының өмірін көрсетеді. Бұрын жойылып кету қаупінде тұрған бұл түр қорғаныс шараларының арқасында бүгінде біртіндеп қалпына келе бастаған.
Бұдан бөлек осы топтамадан алынған тағы бірнеше табиғаттың қайталанбас сәттерін бейнелейтін керемет фотосуреттерді көруге болады.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары