1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді18 сәуірде Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «National bookdating» акциясы өтті.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының, Ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.
Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «National bookdating» акциясы «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын талқылау аясында өткізіліп жатыр. Акция барысында спикерлер аудиторияға әлемдегі ең үздік кітаптармен таныстырды.
Келелі мәселелер талқыланған алқалы басқосуды ашқан әлеуметтік мәселелер бойынша проректор, т.ғ.д., профессор Қосман Әбілов, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының қоғамдық сананы жаңғырту бағытындағы жоғары рөлін атап, «100 жаңа оқулық» жобасының өскелең ұрпаққа білім беру ісіндегі ерекше рөлі туралы айтты.
Еске сала кетсек, Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жарияланғанына биыл бір жыл толып отыр. Соның ішінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы да бар. Осы уақытқа дейін аталған жоба аясында философия, дінтану, антропология және журналистика бойынша 18 кітап пен оқу құралы жарыққа шықты. Әрбір оқулық 10 мың данамен басылып шығып, алдағы бір айдың ішінде жоғары оқу орындары мен кітапханаларға таратылады. Биылдан бастап оқу бағдарламасына да енгізіледі. Сонымен қатар, барлық оқулықтардың электронды нұсқалары және соның негізінде әзірленген бейнедәрістер топтамасы Қазақстаннның ашық университеті платформасы (OpenU.kz) арқылы таратылатын болады.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?