7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?АҚШ-тың Ұлттық аэроғарыш агенттігінің (NASA) «Артемида» бағдарламасы аясындағы алғашқы пилотты ұшыру 2026 жылдың сәуіріне жоспарланған. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Сөйте тұра кейбір ақпарат көздері ұшу мерзімі ақпан айына ауыстырылуы да мүмкін екенін де алға тартады.
«Артемида» миссиясы – NASA басқаратын Айды зерттеуге арналған америкалық бағдарлама. Оның басты мақсаты – 1972 жылғы «Аполлон-17» жетістігін қайталап, Айға адамзаттың қайта қонуын жүзеге асыру. Бағдарлама үш кезеңнен тұрады:
Айды айналып өтетін автоматтандырылған ұшу (Artemis I),
Айды айналып өтетін пилотты ұшу (Artemis II),
Жер серігінің оңтүстік полюсіне астронавттарды қондыруды көздейтін Artemis III.
Соңғы кезең 2027 жылдың ортасына жоспарланған.
«Артемида» бағдарламасы аясында Artemis II миссиясының төрт астронавты Айды айналып өтіп, Жерге оралады. Бұл ұшырылым Artemis I жобасының табысты тәжірибесіне негізделген. Еске салсақ, 2022 жылдың тамызында Orion ғарыш кемесі Айға ұшырылып, оны айналып шығып, қарашада Тынық мұхитына сәтті қонған болатын.
Artemis II мен Artemis III ұшырылымдары өмірді қамтамасыз ету жүйесіндегі және Orion кемесінің жылу қалқанындағы ақауларға байланысты бірнеше рет кейінге шегерілген.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?