Наркенже Серікбаева күйеуінің қазасынан кейін сахнадан кеткісі келетінін айтты

24 Қараша 2023, 13:44 8129

Әнші Наркенже Серікбаева сахнадан кетуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Ұйқым келмейді» бағдарламасына сұхбат берген өнер иесі бұл туралы ойланып жүргенін тілге тиек етті. Әншінің сөзіне қарағанда, бұл мәселені бұған дейін жолдасымен де талқылаған, тек қарсы болған екен.

Оқи отырыңыз:

Қиындықтарды көргенде «өнерді қойсам қайтеді?» деп сұрадым. Ол кісімен бірігіп жұмыс істегім келді, бизнес ашсақ деген ойым болған шығар. Ол кісі қарсы болды, «домбыраңды тастама» деуші еді. Бұрынғы жыр-термелерді айтқанымды жақсы көретін, жиі сұрайтын. Ол кісі өмірден өткен соң өнерді қоямын деп ойладым. Әлі де ойым бар, - деді Наркенже Серікбаева.

Естеріңізде болса, жақында Наркенже Серікбаева күйеуінің қазасынан кейін алғаш рет көпшілік назарына жаңа әнін ұсынды. Өнер иесі қайғысын еңсеріп, өміріндегі ең ауыр кезеңді ән арқылы өткеруге тырысқанын айтты.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: