Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді
Қостанай облысының этномәдени бірлестік өкілдері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесті.
Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Наринэ Микаелян және Қазақстан Коммунистік Халық партиясының өкілі Магеррам Магеррамов этномәдени бірлестіктер өкілдерінің сауалдарына жауап берді.
«Біз негізгі қызметімізбен қатар жылына 4 рет аймақтарға шығамыз, халықтың әл-ауқатын анықтап, этномәдени бірлестіктермен кездесеміз. Менің Қостанайға алғаш рет келуім. Достық Үйін аралап щығып, алтын дәнді өлкенің рухани байлығына таң қалдым. Біздің мақсатымыз – аймақ тұрғындарын алаңдататын мәселелерді анықтап, Парламент деңгейінде шешу», - дейді Наринэ Микаелян.
Іс-шара барысында этномәдени бірлестіктер мүшелері мен билік өкілдері мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру, Достық Үйі үшін арнайы ғимарат бөлу, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін қолайлы жағдай жасау сынды өзекті мәселелерді талқылады.
Мәжіліс депутаттары этномәдени бірлестіктер өкілдерінің сұрақтарын және ұсыныстарын қарастырып, мүмкіндігінше шешімін табуға уәде берді.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік