Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыПариж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов Қарулы күштердің әскери қызметшілеріне шеберлік сабағын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының нұсқаушы спортшысы Нариман Құрбанов Әуе қорғанысы күштерінің 78460 және 97617 әскери бөлімдерінде болды. Олимпиада жүлдегері әскери бөлімдердің қызмет ерекшелігімен, сарбаздар үшін жасалған әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлармен танысты. Сонымен бірге олардың дене шынықтыруын ұйымдастыруға да ерекше қызығушылық танытты.
Танымал спортшы әскери қызметшілерге гимнастикалық жаттығулардан шеберлік сабағын өткізді. Нариман Құрбанов Париждегі 2024 жылғы Олимпиада ойындарында табысқа жетуге мүмкіндік берген бірегей әдістерді көрсетті. Сарбаздар көп жылдық жаттығулардың арқасында керемет нәтижеге қол жеткізген гимнастың өнерін үлкен қызығушылықпен тамашалады.
Армия спортшысы әскери қызметшілердің жауынгерлік рухын қалыптастырудағы әскери тәртіптің маңыздылығына тоқталып, дене шынықтырудың жоғары жауынгерлік дайындықтың маңызды құрамдас бөлігі екенін айтты.
Емен-жарқын жүздесу барысында сарбаздар Нариман Құрбановтың спорттық мансабының қалай қалыптасқаны, төрт жылдық ойындарға дайындық барысы туралы білді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары