Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Айдар Құрмашев Президенттік кезектен тыс сайлауға қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz
Сарапшы Қазақстандағы реформалар шынымен де ауқымды, әрі жүйелі мәнерде жүзеге асырылып отыр. Ол тек «күшті президент – ықпалды парламент – есеп беретін үкімет» моделін ғана емес, сонымен қатар адам құқықтарының тетіктерін айтарлықтай күшейтуді, елдің қоғамдық өмірін либерализациялауға нақты қадамдарды жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді көздейді деп отыр.
«Мәселен, биліктегі тежемелік тепе-теңдікті қамтамасыз ету мақсатында жергілікті әкімдерді тікелей сайлау енгізілді, аралас сайлау жүйесі енгізілді (депутаттардың 70 пайызы партиялық тізім бойынша, қалған 30%-ы – мажоритарлық жүйе бойынша), бейбіт жиналыстар туралы заңға мемлекеттік органдардың келісімін қажет етпейтін түзетулер енгізілді», - дейді.
«Президенттік сайлау өтетіні күні бұрын хабарланды деп айтуға болады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында кезектен тыс президенттік сайлауды 1 қыркүйекте өткізу туралы мәлімдеп, бір айға жуық уақыттан кейін ғана жарлыққа қол қойылып отыр. «Үміткерлердің уақыты жетпей қалды» дегендермен келіспеймін. Себебі, президенттікке кандидат болуды кезекті немесе кезектен тыс сайлау жарияланған күні емес, бірнеше жыл бұрын, мұқият ұйымдастырушылық және қоғамдық жұмыстар арқасындағы беделдің негізінде жасалатын шешім», - деді.
«Сайлауды өткізу, ең алдымен, маусымдағы референдум қорытындысы бойынша енгізілген барлық конституциялық өзгерістерді іс жүзінде сезіну үшін қажет мемлекеттік жүйені сапалы қайта бастау тұрғысынан қажет», - деп тілге тиек етті ҚСЗИ халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Айдар Құрмашев.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова