Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Елордалық полиция қызметкерлері «Қарасора» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында аса ірі көлемде есірткі жеткізумен және сатумен айналысатын адамдарды ұстау бойынша арнайы операция жүргізді, – деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Есірткі өткізу арнасының жолын кесуге бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 37 жастағы күдікті ұсталды. Тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу барысында оның гараждағы автокөлігінен салмағы 40 келі «марихуана» есірткі заты бар екі пакет тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 2-бөлігі «Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.
Полицейлер дәрі-дәрмектің жеткізу арнасын, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар адамдарды анықтауда. Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Ақбаровтың айтуынша, жыл басынан бері заңсыз айналымнан 170 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленген.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары