Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрікНұр-Сұлтанда Тұран даңғылы мен Қабанбай батыр көшесіндегі Bus lane іске қосылды, – деп хабарлайды El.kz порталы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер қалалық басқармасының мәліметіне сәйкес, бүгін М-1 көпіріндегі жол жөндеу жұмыстары аяқталды. Соған байланысты Тұран даңғылы мен Қабанбай батыр көшесі бойындағы арнайы жолақпен қоғамдық көлік қозғалысы қайта жанданады.
Еске салайық, жөндеу жұмысына байланысты Бауыржан Момышұлы даңғылынан бастап Мәңгілік ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айырымына дейінгі аралықта көлік қозғалысы ішінара жабылған болатын. Қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін осы уақытта Тұран даңғылы мен Қабанбай батыр көшесіндегі Bus lane-мен жеке көлік қозғалысына рұқсат етілген болатын.
Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді