12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікНұр-сұлтан қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне арналған «We Are the World» жастар музыкалық фестивалі өтті, деп хабарлайды El.kz.
Концертті өткізудегі басты мақсат – Рухани жаңғыру және ұлттық сананы жаңарту, қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ділі мен жоғары құндылық бағдарларын қалыптастыру болды.
Жобаның бас продюсері Азат Абыкен фестивальге қатысты өз пікірін білдіре кетті.
«Бұл фестиваль арнайы жастарға арнап өткізілді. Концертімізде танымал бірқатар әншілер мен өнерпаздар бірінен соң бірі өнер көрсетіп кетті. Олардың ішінде өнерлі мүмкіндігі шектеулі өнерпаздар да бар. Фестиваль адамдарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады деп ойлаймын», - деді Азат Абыкен.
Фестивальде Ninety one, Orynkhan, Marhaba Sabi, Qonyratbay Fam, Ақтоты Болышева сынды танымал әншілер, бишілер, күйшілер түрлі өнерпаздар өнер көрсетті.
Жастардың сүйікті әншілерінің бірі Orynkhan тыңдармандар үшін хормен бірге өнерін паш етті.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер