30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы өңірлік өкілдері басқармасы бастығының бұйрығына сәйкес «Квику» микроқаржы ұйымы» микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды El.kz
Лицензиядан айыру үшін «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес мыналар негіз болды:
– қызметін Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, сондай-ақ уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұза отырып жүзеге асыру;
– «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыру.
МҚҰ қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде есептеу тәртіптерін және қарыз алушының борыш жүктемесі коэффициентінің және жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мәндерін сақтамауынан, сондай-ақ қарыз алушылардан «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген өзге де төлемдерді алудан көрінетін бұзушылықтарға жол берген.
Жіберілген бұзушылықтар қарыз алушылардың борыш жүктемесінің негізсіз ұлғаюына әкелген МҚҰ тарапынан жүйелі түрде асыра пайдаланулар орын алғанын көрсетеді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды