23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?
City Transportation Systems көлік компаниясы бұдан былай автобуста QR-код арқылы жолақы алынбайтыны жайлы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды El.kz.
«Құрметті жолаушылар! Мессенджерлерде елорда автобустарында QR-код сканерлеу арқылы жолақы төлеу қызметі өшірілетіні туралы ақпарат тарады. CTS баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді» делінген компания хабарламасында.
Астана автобустарында QR-кодты сканерлеу арқылы жолақы төлеу штаттық режимде жұмыс істейді және оны өшіру қарастырылып жатқан жоқ.
«Сізден тек ресми деректерге сенім артуды және жалған ақпарат таратпауды сұраймыз» деп ескертеді көлік компаниясы.
Естеріңізге сала кетейік, елордада жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: көлік картасы көмегімен немесе QR-код сканерлеу арқылы.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік