Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
Мерейлі мереке аясында Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ұлы Абайдың 177 жылдығына арналған бірқатар іс-шараларды ұйымдастырды, – деп хабарлайды El.kz порталы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осыған орай, департаментте Абайдың асыл мұрасын насихаттайтын «Тұлғаға тағзым» атты кітап көрме қойылды.
Көрме барысында жас қызметкерлер ғұлама ақынның, абайтанушылардың, зерттеушілірдің еңбектерімен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Сондай-ақ, департаменттің ведомствалық музей басшысы, тарих ғылымдарының магистрі Шынар Нұржанқызы Уайсова жеке құрам арасында Абай Құнанбайұлының өмірін насихаттау, ақынның шығармашылығы арқылы мақтаныш сезімін, патриоттық рухты тәрбиелеу бойынша дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты – Ұлы Абай мұрасының қазақ руханиятында алар орны, ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы мен оның құндылығы, ұлттық идеологияны қалыптастырудағы рөлі жөнінде кеңінен ақпарат беру, сол арқылы тәртіп сақшыларының патриоттық, ерлік, жігерлік сезімдерін нығайту болып табылады.
Іс-шара барысында полицейлер ғұлама ақынның шығармашылық мұрасымен, абайтанушылардың зерттеулерімен тереңірек танысып, күнделікті қарбалас жұмыстарынан бір уақыт алшақтап, пайдалы мағлұмат алды.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс