Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыМысырдың құтқарушылар мен әскери мамандардан құралған арнайы тобы ауыр техникамен қаруланып, Газа секторының аумағына кірді. Олар израильдік тұтқындардың қаза тапқан денелерін іздеу және шығару операциясына қатысуда. Бұл туралы The National басылымына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Басылым дерегінше, құтқарушылар тобы сенбі күні кешке Газадағы Израиль әскерінің бақылауында емес аудандарға жеткен. Сонымен қатар мысырлық мамандар екі жылға созылған қарулы қақтығыс кезінде жарылмай қалған снарядтар мен миналарды залалсыздандыру жұмыстарын да атқарады.
Құтқарушылар саны мен олардың пайдаланып жатқан техникасы нақты аталмағанымен, миссия Израиль және АҚШ тараптарымен тығыз үйлесімде жүргізіліп жатқаны хабарланды.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған Газа қақтығысын реттеу жоспары аясында ХАМАС қозғалысы 20 тұтқынды босатып, оның орнына Израиль түрмелерінде болған шамамен 2 мың палестиндікті азат еткен болатын. Сондай-ақ ұйым тұтқында қаза тапқан 28 адамның 15-інің сүйегін қайтарып берген.
Дегенмен, қаза тапқан тұтқындардың денелерін табу мен шығару жұмыстары Газа секторындағы ғимараттардың көптеп қирауына байланысты күрделене түскен.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды