Бүгiн, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіМысыр қазақстандық туристердің елге кіруіне қатысты қосымша талаптарды алып тастауға келісті. ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, бұл шешім Қазақстан азаматтарының Мысырға саяхаттауын жеңілдетуге бағытталған.
Мұндай келісімге Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Мысырға ресми сапары барысында қол жеткізілді. Ол осы елдің сыртқы істер, халықаралық ынтымақтастық және шетелдегі мысырлықтар істері жөніндегі министрі Бадр Абдельаттимен келіссөз жүргізді.
Кездесудің маңызды нәтижелерінің бірі – Қазақстанды Мысырға туристік мақсатпен баратын азаматтарына қосымша талаптар қойылған Орталық Азия мемлекеттерінің тізімінен шығару туралы келісім.
Келіссөздердің маңызды нәтижелерінің бірі – Қазақстанды еліміздің азаматтарына Мысырға туристік мақсатпен кіру кезінде қосымша талаптар қойылатын Орталық Азия мемлекеттерінің тізімінен шығару туралы уағдаластыққа қол жеткізу. Бұл шешім қазақстандық туристердің Мысырға сапарын жеңілдетуге және екі ел арасындағы туристік байланысты дамытуға бағытталған, – деп мәлімдеді министрлік.
Қазір қазақстандық туристерге қандай талаптар қойылады?
2025 жылғы 1 қазаннан бастап Мысырға баратын Қазақстан азаматтары үшін жаңа визалық талаптар енгізілген болатын.
Оған сәйкес, 21 жасқа толмаған қазақстандықтар Мысырға ата-анасының біреуінсіз бара алмайды.
Ал 21 жасқа толған азаматтар Шарм-эш-Шейхке 15 күннен аспайтын туристік сапармен барса, визаны әуежайға келгеннен кейін рәсімдей алады. Алайда бұл мүмкіндік тек Шарм-эш-Шейх аймағында демалатын туристерге арналған.
Каир, Хургада және Мысырдың басқа қалаларына баруды жоспарлаған азаматтар визаны Қазақстандағы Мысыр елшілігінен алдын ала алуға міндетті.
Жаңа келісім осы қосымша талаптарды алып тастауды көздейді. Дегенмен өзгерістердің нақты қашан күшіне енетіні және туристер үшін қандай тәртіп қолданылатыны әзірге хабарланған жоқ.
Қызметтік паспорт иелеріне визасыз режим енгізіледі
Келіссөздер қорытындысында екі елдің сыртқы істер министрлері 2006 жылғы 7 қарашада жасалған үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойды.
Құжатқа сәйкес, бұған дейін дипломатиялық паспорт иелеріне қарастырылған визасыз режим енді Қазақстан мен Мысырдың жарамды қызметтік паспорттары бар азаматтарына да қолданылады.
Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін де талқылады. Атап айтқанда, өзара тауар айналымын арттыру, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және халықаралық ұйымдар аясындағы байланысты нығайту мүмкіндіктері қарастырылды.
Сонымен қатар Қазақстан мен Мысыр парламенттеріндегі достық топтарының жұмысын жандандыруға келісті. Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа, оның ішінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі аясындағы өзара байланысқа да назар аударылды.
Келіссөздер соңында Мұхтар Тілеуберді мен Бадр Абдельатти бірлескен мәлімдеме жасап, екі ел арасындағы әріптестікті одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізді.
Бұған дейін Қазақстан паспорты Орталық Азияда ең мықты деп танылғаны туралы жазғанбыз.
Бүгiн, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады