29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыМысырда акулалардың жағалауға жақындауына байланысты бірнеше күн бойы курорттық жағажайлар жабылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
SHOT арнасының мәліметінше, жыртқыштар Хургада мен Макади курорттық қаласының жағалауынан байқалған. Соңғы күндері бұл аймақтағы 10-ға жуық қонақүйдің жағажайлары уақытша жабылған. Олардың қатарында бес жұлдызды Labranda Royal Makadi, Cleopatra Luxury Beach және Stella Makadi бар.
Мысырға баруды жоспарлап жүрген туристерге де акулаларға қатысты ескерту жасалды.
Жергілікті басылымдар өткен аптада Хургада жағажайлары үш күнге жабылғанымен, қазір суға түсуге рұқсат берілгенін алға тартуда.
Айта кетейік, акулалардың адамдарға шабуылы тіркелген жоқ.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек