Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыМысырдың Хургада туристік қаласының маңында туристер мінген моторлы қайық суға кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Катерде 26 турист болған, олардың арасында шетелдіктер де бар.
Cairo 24 басылымының хабарлауынша, туристік қайық Қызыл теңіздің солтүстігін аралауға шыққан. Апатқа катердің тесілуі және қатты жел себеп болған көрінеді.
Батып кеткен су көлігінің бортында 26 турист, 8 экипаж мүшесі және үш сүңгуір нұсқаушысы болған. Олардың арасында қазақстандықтардың бар-жоғы әзірге белгісіз.
Капитан апат туралы хабарды жеткізген бойда Жағалау күзеті көмекке келген. Адамдар эвакуацияланды. Дегенмен әртүрлі дәрежеде жарақат алған алты адам ауруханаға жеткізілді.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар