2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрКеше әлеуметтік желілерде Мысыр астанасы Каир қаласында Қазақстан, Өзбекстан және Ресей азаматтарына қатысты кең ауқымды рейд жүргізіліп жатқаны туралы бейнежазбалар тарап кетті. Бұл ақпаратты ресейлік «Осторожно, новости» Telegram арнасы таратты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Куәгерлердің айтуынша, соңғы апталарда осы үш елден келген кейбір отбасылар туыстарын таба алмай, әбігерге түскен. Жергілікті қауіпсіздік қызметі азаматтарды көшеде күшпен ұстап алып кетіп жатқаны айтылуда. Қолға түскендердің арасында студенттер де бар. Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, құқық қорғау органдары студенттердің құжаттарының болуына қарамастан, оқу орындарының маңында аңдып тұрып, оларды ұстап, елден шығарып жіберуде.
Бұл жағдайға қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ресми түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, әзірге қазақстандықтар тарапынан ешқандай шағым немесе ресми өтініш түспеген.
Қазақстан азаматтарынан ешқандай өтініш келіп түскен жоқ. Сонымен қатар, елшілік жергілікті көші-қон заңдарын сақтау бойынша студенттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді, – делінген министрлік хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін, 13 мамырда Өзбекстанның Мысырдағы елшілігі де осыған ұқсас жағдайға қатысты мәлімдеме жасаған болатын. Онда жергілікті билік оқу мақсатында келген азаматтардың құжаттарын тексеріп жатқаны айтылған. Елшілік таратқан ақпаратқа сәйкес, қазіргі таңда бес өзбекстандық азамат ұсталған. Сонымен қатар елшілік азаматтарға жеке құжаттарын үнемі өздерімен бірге алып жүру қажеттігін ескерткен.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова