23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов 80 келі салмақта өткен Нұрбек Оралбай мен Кристиан Пиналес арасындағы жекпе-жекті қорытындылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олимпиада ойындарында оңай қарсылас деген атымен жоқ. Барлығы да өте қауіпті саналады. Бүгін Нұрбекпен жұдырықтасқан доминикандық боксшы да құр емес. Ол қандасымыз Тоқтарбек Таңатқаннан бастап, мықты боксшыларды қатардан шығарды.
Нұрбек бүгін біздің айтқан тапсырмамызды мүлтіксіз орындады. Оған алға бармай, қарсыласты күтіп алып, қажетті кезде соққы жұмсау керектігін айттық.
Төрешілердің үш раундта да 3:2 есебін бергені туралы ештеңе айта алмаймын. Біз жеңісті бергеніне қуанып жатырмыз.
Алда финалдық жекпе-жек күтуде. Нұрбек командадағы барлық жігіттер үшін айқасады, - деді Айтжанов.
Еске салайық, Нұрбек Оралбай 80 келі салмақта Олимпиаданың финалына шықты.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік