6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБокстан Өзбекстан ұлттық құрамасының бапкері Тулкин Киличев қазақ-өзбек боксшылары шаршы алаңда қарсылас болса да, өмірде дос екенін кезекті рет паш етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өзбекстандық жаттықтырушы өзінің Instagram-парақшасында көрші елдің былғары қолғап шеберлері бір дастархан басында тамақтанып отырған сәтінің фотосы мен видеосын жариялады. Ал ас соңында Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов бата берді.
Бұл отырыс жақында ғана «Ұлы Жібек жолы» турнирі аяқталған Бакуде өткен тәрізді.
Естеріңізде болса, аталған жарыста Қазақстан боксшылары үш алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алған.
Айта кетейік, бұған дейін Италиядағы турнирден соң да Өзбекстан ұлттық құрамасының бапкері Рахматжон Рузиахунов пен Қазақстан құрамасының бапкері Мырзағали Айтжанов кездесуі көпшілікті сүйсіндірді. Бапкерлер Париж олимпиадасы сарапқа салынған турнирден соң бір-бірін құшағына алып құттықтаған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі