Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҰлттық қауіпсіздік комитеті бірнеше өңірде тәркіленген қару-жарақ суреттерін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі болғандай, 2023 жылғы сәуір және мамыр айларында полициямен бірге, сонымен қатар прокуратура органдарымен әрекеттесе отырып, қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, оның ішінде қаңтар оқиғалары кезінде ұрланғандары да бар.
Нәтижесінде 42 бірлік қару («МР-40» автоматы, «Драгунов» снайперлік винтовкасы, 22 мылтық, 18 тапанша), 8 граната, РПГ-ның 2 снаряды, 4051 түрлі калибрлі оқ-дәрі, сонымен қатар броньды қорғаныс кеудешелер, автоматтардың оқжатарлары, радиостанциялар және пышақтар тәркіленді, - делінген мәліметте.
Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Заңсыз айналымда жүрген қару-жарақты іздестіру мен тәркілеу іс-шаралары жалғасуда.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек