Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыӨмірімізде әуендердің алатын орнын бағалау өте қиын. Сіз оны тыңдағыңыз келмесе де, күнделікті өмірдің барлық жерлерінде: дүкенде, көлікте, жұмыста және т.б. кезігіп отырады. Адамдардың өмірінің басым бөлігінде де музыкамен басталады. Себебі, телефондағы әуен бізді таңертен оятады. Ол өмірдің ішкі құрылым толтырып тұрғандай әсер қалдырады. Лев Толстой айтқандай: «Музыка – әлемдегі ең жоғары өнер». Музыка адамзат ойлап тапқан ең керемет жаңалықтардың бірі. Бірақ сол әуеннің адамның жұмыс істеуі мен шығармашылықпен айналысуға қандай әсер бар екен?
Бұл сұрақ қойылғанда әр адам өзіндік тәжірибе негізінде жауап бере алады. Егер де сіз меломан болсаңыз, онда әрдайым музыка сізді қоршап жүреді. Тіптен жұмыс өімділігін арттырып, таңертен оянғанда кофенің орнын баса алады. Ал егер де сіз жұмыста тек жұмыспен айналысу керек деп ойласаңыз, онда күні бойы музыка тыңдамай өтесіз. Керісінше, басқа адамдар ән тыңдап отырғанын ұнатпайтын боласыз.
Енді жеке тәжірибеден зерттеулерге көз жүгіртсек. Осы сала бойынша көптеген ізденістер жасалынды, алайда оның ішіндегі барлығын талдау мүмкін емес.
Музыканың жұмыстағы пайдасы
Музыка — шулы әріптестерден құтқарады
Жұмыста бір кеңістікте отыратын әріптестер кейде өзара кедергі келтіріп жатады. Әртүрлі маман дық ерекшелігіне байланысты біреулер көп сөйлеседі, біреулері аз сөйлейтін жұмыс атқарады. Басқалардың мазалауынан құтылу үшін музыка тамаша құрал.
Әуенді сүймейтін адам жоқ та шығар. Кейде жұмыс істеу барысында бірқалыпты қара жұмыс істейтін кезеңдер болады. Сол кезде жұмыс бізге өте қиын ауыртпалық ретінде көрінеді. Жағдайды физиологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ, ағзаға дофамин жетіспейді. Ол бақыт гармоны. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, өзімізге ұнайтын музыка тыңдаған кезде бақыт гормондары бөлінеді. Сол себепті жұмыстан ляззат алыңыз.
Егер де жұмысыңыздын басым бөлігі бір қалыпты, зеріктіретін болса. Уақыт өткізудің тамаша құралы. Сонымен қатар дененің қуаттылығын арттыруға мүмкіншілік береді.
Байқасаңыз шығармашылық саласындаға мамандар кафе немесе бос кеңістіктерде жұмыс істегенді жақсы көреді. Олар осылай және музыкадан шабыт алып отырады. Бейсаналы түрде музыкалық жерлерді таңдауға тырысады.
Музыка тыңдаңыз. Ол энергия мен бақыттың көзі. Сонымен қатар жұмысыңызды жан-жақты ете алады.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары