8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?Ақтөбе қаласындағы музыка пәнінің мұғалімі Гүлсана Мағзымбетова ерекше балаларға музыкалық аспапта ойнауды үйретіп жүр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Естуінде ақауы бар қатысушылар үшін ұстаз түрлі-түсті түстер мен геометриялық фигуралар арқылы нота үйрету методикасын ойлап тапқан. Жеті нотаны жеті түрлі түске бояп, бес саусақты геометриялы пішіндерге ауыстырыпты. Оқу әдістемесінің авторлық құқығы бар және ол Берн конвенциясы арқылы бірнеше елде қорғалған.
Гүлсана Мағзымбетовадан бүгінден түрлі сырқаты бар 30 бала тәлім алып жүр. Бойындағы түрлі дерттеріне қарамай, ұлттық аспапта ойнауды меңгерген өнерпаздар қалалық байқаулардан бастап, облыстық, республикалық бәйгелерде көзге түсіп келеді. Ақтөбелік ұстаздың айтуынша, бұл әдіс балалардың денсаулығына оң әсер етеді.
«Кез келген музыкалық аспапта ойнау адамның екі ми бөлігі бірден жұмыс істеуге итермелейді. Цебральді сал ауруына шалдыққан балалардың қол моторикасы жақсы дамиды. Осы әдістеме арқылы басқа да аспаптарда ойнауға болады», - дейді Гүлсана Мағзымбетова.
Айта кету керек, жас ұстаз Гүлсана Мағзымбетова мемлекеттік грант ұтып алып, екі орталық ашқан. Ерекше балалар үшін музыкалық аспаптармен жабдықтап, өнерге қызығушылығы бар балаларды қабылдайды. Оның пікірінше мүмкіндік қашан да шексіз!
8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін