12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікКеше ҚР Ұлттық музейінде италиялық мозаика мектебі шеберлерінің «Фриули мозаикасы» атты көрмесі ашылды. Көрмені Италияның Қазақстандағы елшілігі мен Ұлттық музей бірлесіп ұйымдастырды.
Шараға Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай, Италияның ҚР Төтенше және өкілетті елшісі Стефано Раваньян, Әбілхан Қастеев атындағы бейнелеу өнері және техникалық дизайн мектебінің директоры Ханзада Есенова және музей қонақтары қатысты.
Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай ұйымдастырушыларға алғыс айтып, қонақтарды көрмеден рухани ләззат алуға шақырды.
Ал, Италияның ҚР Төтенше және өкілетті елшісі Стефано Раваньян: «Көрмені ұйымдастыруға жағдай жасаған Ұлттық музейге алғыс білдіремін. Бұл музей – біздің мозаикаларымызды көрсетуге таптырмайтын орын. Оның үстіне көрме Италия мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстың арқасында жүзеге асып отыр. Бұл көрме бірлесіп жұмыс атқарудың алғашқы бастаулары. Ендігі жерде қазақстандық студенттер Италияға барып, мозаиканың қыр-сырын толықтай меңгере алады» деді.
Көрме қонақтары алтын және платинамен қапталған майолика бұйымдарымен танысты. Олардың қатарында түрлі өрнектермен безендірілген вазалар, табақтар, құмыралар, екі сапты графиндер, тегештер, үлкен шамдалдар, құмғандар, қобдишалар, барокко сағаттары сынды заттар бар.
Қонақтар назарына барлығы 70-ке жуық керамика бұйымдары ұсынылды.
Көрме 28 қарашаға дейін жалғасады.
Суреттер ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметінен алынды
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер