22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 18 мамыр күні сағат 18:00-01:00 уақыт аралығында Халықаралық музей күніне орай «Музейдегі түн-2016» акциясы өтеді
Акция барысында Ұлттық музей қонақтары үшін көне және қазіргі Қазақстан тарихы мен мәдениетін таныстыратын барлық залдарға тегін экскурсиялар ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады. Мерекелік шара лазерлік шоумен аяқталады.
Айта кетейік, бүгінгі таңда "Музейдегі түн" акциясын өткізу әлемнің 40-тан астам елінде дәстүрге айналған. Қазақстандағы бірқатар музейлер де бұл атаулы датаны үлкен дайындықпен қарсы алады. Өткен жылы дәл осы акцияға 23 мыңнан астам адам қатысқан болатын.
Ұлттық музей Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын игілікті бастаманың куәгері болуға шақырады.
Ал «Музейдегі түн» шарасы алғаш 1997 жылы Германияда «Lange Nacht der Museen» («Музейдегі ең ұзақ түн») деген атпен өткізілді. 2001 жылы бұл идеяны Париждегі Лувр музейі қолдап, кейіннен ол әлемнің көптеген музейлерінде дәстүрлі түрде өткізіле бастады. 2014 жылғы 2 шілдеде Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен салтанатты түрде ашылған Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Музейдегі түн» халықаралық акциясы биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр.
Алмас САУДАНБАЙ
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев