Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМузАРТ тобының әншілері мемлекеттік орден алғаннан кейін әлеуметтік желіде пікірталас күшейді. Бірі қазақ өнеріне сіңірген еңбегін алға тартып, марапатты қолдаса, енді бірі мемлекеттік наградалардың берілу тәртібі мен өлшемдеріне назар аударды. Жалпы Қазақстанда қандай ордендер бар, олар кімдерге және қандай жағдайда табысталады? El.kz осы сауалдарға жауап іздеп көрді.
Атап айтсақ, Сәкен Майғазиев «Парасат» орденімен, Кенжебек Жанәбілов «Құрмет» орденімен марапатталды.
Марапат кезінде біз қалада болмай қалдық… Әкімшілік шақырып, бүгін арнайы марапатты ұсынды. Негізі Мейрамбек бәріміз бір күнде алуымыз керек еді. Алайда ештен кеш жақсы. 25 жыл бойы үздіксіз, үзіліссіз аянбай, тынбай қазақтың идеологиясына, мәдениетіне, руханиятына қызмет еткен МузАРТ тобына көңіл бөліп жатқанына рақмет айтамыз, – деді Сәкен Майғазиев.
Желі қолданушыларының бір бөлігі МузАРТ тобының қазақ мәдениеті мен ұлттық өнерді дамытудағы еңбегін атап өтіп, марапатты орынды деп бағаласа, енді бір бөлігі мемлекеттік наградаларды тағайындау төңірегінде түрлі пікір білдіріп жатыр.
Қазақстанда қанша мемлекеттік орден бар?
Қазіргі заңнама бойынша Қазақстанның мемлекеттік наградалары жүйесінде 13 орден бар:
Ордендер қандай жағдайда беріледі?
Әр орденнің өз мақсаты бар:
Орден беру тәртібі қалай жүреді?
Марапаттау бірнеше кезеңнен тұрады:
Орден алғандарға қандай жеңілдіктер қарастырылған?
Көпшілік ойлайтындай, Қазақстанда барлық орден иелеріне автоматты түрде арнайы жәрдемақы немесе әлеуметтік пакет берілмейді. Орденнің өзі көбіне мәртебелік награда болып саналады.
Алайда ерекше мәртебеге ие марапаттар бар:
Осы атақ иелеріне мемлекет тарапынан арнайы әлеуметтік кепілдіктер мен ай сайынғы төлемдер қарастырылған.
Ал «Парасат», «Құрмет», «Достық» секілді ордендер иелеріне заң бойынша жеке ақшалай төлем немесе арнайы жеңілдік автоматты түрде берілмейді. Бірақ олар мемлекеттік қызметте, қоғамдық ортада және кәсіби бедел тұрғысынан жоғары мәртебе береді.
Айта кету керек, тәуелсіз Қазақстандағы ең жоғары мемлекеттік награда – Алтын Қыран. Ол әдетте мемлекет басшыларына, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлеріне беріледі.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары