Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматы облысында «Мұз-2024» акциясы аясында қауіпсіздік рейдтері өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары «Мұз-2024» республикалық акциясы шеңберінде Қапшағай су қоймасында қауіпсіздік рейдтерін өткізді. Іс-шаралар азаматтардың мұз үстінде зардап шегуін алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.
Рейд барысында мұз үстінде түнде және жеке құтқару құралдарынсыз жүрген 15 адам анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Балықшылар қауіпсіздік шараларын сақтау үшін жағаға шығарылды.
2024 жылдың басынан бері су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 330 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды.
ТЖМ қызметкерлері су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады. Құтқарушылар тәуліктің кез келген уақытында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысын жалғастыруда.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары