22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚарағандыда бұрынғы қала әкімі Шаймерден Оразалиновтың ұлы 78 жастағы қарт анасын ұрып-соққан. Кейуананың мұрны мен бірнеше қабырғасы сынған, деп хабарлайды @patriotkaragandy парақшасына сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Желідегі ақпаратқа сүйенсек, ұлынан таяқ жеген зейнеткер екі күн үйінде жатқан екен. Себебі дәрігер шақырса, ұлын қамап қояды деген қорқынышы болған. Үшінші күні жағдайы күрт нашарлағанын байқаған көршілері жедел жәрдем шақырған.
Дәрігерлер бірден полицияға хабар берген. Жедел уәкілдер экс-әкімнің ұлын қамауға алған. Жауап алу кезінде ер кісі жүйке жүйесі сыр бергенін айтыпты.
Қарағанды қаласының мамандандырылған тергеу сотының мәліметінше, күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды.
Айта кетейік, Шаймерден Оразалинов 1987 жылдан 1997 жылға дейін Қарағандыда қала әкімі лауазымын атқарған. Қарағанды қаласының Құрметті азаматы.
Шаймерден Оразалинов 2019 жылдың 30 сәуірінде 77 жасында өмірден өткен.
Оқи отырыңыз:
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев