30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚырғыз тарапының шақыруымен премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қырғызстанға ресми сапармен барды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
СІМ мәліметін бойынша, сапар аясында М.Нұртілеу Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың қабылдауында болған. Қырғызстан басшысы екіжақты форматтағы одақтастық байланыстар мен стратегиялық серіктестіктің тереңдеп келе жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтіп, көпжақты алаңдардағы қазақ-қырғыз ынтымақтастығының дәстүрлі жоғары деңгейін ерекше атап өтті.
Кездесу барысында сыртқы істер министрі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектері мен сәлемін жеткізді. Министр Қазақстанның бауырлас Қырғызстанмен одақтастық қатынастарды жан-жақты нығайтуға және кеңейтуге бағытталғанын растай отырып, сұхбаттасты екіжақты көпқырлы ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен перспективалары туралы хабардар етті.
Қазақстан Президентінің Қырғызстанға жоспарланған ресми сапарына дайындық жұмыстарының негізгі аспектілері талқыланды. Кездесу соңында Қырғызстан Президенті екі ел арасындағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейін оң бағалап, оларды мазмұндық тұрғыда одан әрі дамытуға мүдделілік білдірді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды