29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Жапонияға ресми сапармен барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сапар аясында Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Жапония Премьер-министрі Шигеру Ишибамен кездесу өткізді. Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-жапон кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ халықаралық құрылымдар желісі бойынша бірлескен жұмысты талқылады.
М.Нұртілеу Премьер-министрге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектерін жеткізді. Ол Астананың екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға берік бейілділігін растады.
«Жапония – Қазақстанның Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі негізгі серіктестерінің бірі. Біз Токиомен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыруға бел будық», – деп атап өтті Қазақстан СІМ басшысы.
Өз кезегінде Ш.Ишиба Жапония Үкіметінің Қазақстанмен көпжоспарлы өзара іс-қимылды нығайтуға деген берік ниеті туралы сендірді.
«Орталық Азия + Жапония» Диалогы шеңберінде кооперацияны дамытуға және алғашқы саммитті өткізу бойынша мәселелерге, сондай-ақ биік деңгейде тұрақты байланыстарды сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін беруге өзара ұмтылыстарын білдірді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек